02.12.2025 жылы логопед маман Жаңатайұы Манас ерекше білім алушы балалармен Ақылды айна құрылғысын қолдана отырып "Сөйлеу дағдысын дамыту" сабағын өткізді.

Интерактивті айна арқылы балалар өз артикуляциясын көріп, дыбыстарды дұрыс қою мен айтуға бағытталған жаттығуларды орындады.

Сабақ өте тиімді өтіп, балалардың қызығушылығы жоғары болды.