Бүгін Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназияда бітіруші 11-сынып оқушыларына арналған «Адам – өз өмірінің суретшісі» тақырыбындағы психологиялық қолдау тренингі өткізілді.
Жиынды мектеп-гимназия директоры Ибраев Бекзат Сағындықұлы ашып, оқушыларға сәттілік тілеп, алдағы ҰБТ мен өмір жолында өз мақсаттарына сеніммен қадам басуға үндеді.
Тренингті мектеп психологтары Исаева Гульжанат Файзуллақызы мен Аймағамбетова Гүлбада Ибадуллаевна ұйымдастырып, оқушылармен өзін-өзі тану, сенімділік пен мотивацияны арттыру бағытында түрлі жаттығулармен ойындар жүргізді.
Іс-шараға арнайы қонақ ретінде Кажданбек Раушан Сәлімқызы, облыстық білім басқармасы жанындағы Облыстық психологиялық қолдау орталығының әдіскер-психологы қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті және бітірушілерге пайдалы кеңестер берді.
View the embedded image gallery online at:
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/psikhologiyaly-yzmet/605-adam-z-mirini-suretshisi-atty-psikhologiyaly-trening.html#sigFreeIdc3549aacef
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/psikhologiyaly-yzmet/605-adam-z-mirini-suretshisi-atty-psikhologiyaly-trening.html#sigFreeIdc3549aacef






