Мектебіміздің логопед маманы Жаңатайұлы Манас 15.10.25 жылы оқушылармен түзету-дамыту сабағын өткізді. Сабақ барысында білім алушылар тыныс алу жаттығуларын жасап, көрсетілген суреттер арқылы сөздік қорды көбейтуге арналған тапсырмаларды орындады.Балалар осы тапсырмаларды орындау арқылы сөйлеу барысын дамытып, өз кезегінде жүйелі жұмыстарды атқара алды.