2025 жылғы 9 қыркүйек күні Нағи Ільясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі, полиция майоры Гүлназ Сағындықова мектеп оқушыларына арнап “Қаржылық сауаттылық” тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға келесі маңызды тақырыптар бойынша ақпарат берілді:
▪️ Лудомания – құмар ойындарға тәуелділіктің зияны;
▪️ Қаржы пирамидалары – жалған табыс көздерінен сақтану жолдары;
▪️ Дроппер – бөтен есепшоттар мен жеке деректерді заңсыз мақсатта пайдалануға қатысты түсініктер.
Маман оқушыларға алаяқтықтың түрлері, одан қорғану жолдары, сондай-ақ заң бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігін кеңінен түсіндірді.
Мұндай шаралар жас ұрпақтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыруда, оларды саналы әрі жауапты азамат етіп тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/psikhologiyaly-yzmet/563-arzhyly-sauattyly-o-ushylar-shin-ma-yzdy-ta-yryp.html#sigFreeId3348458260






