Бүгін Н. Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында 11-сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің қатысуымен «Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары» және соңғы сынама тест қорытындылары талқыланды. Кездесу барысында мектеп-гимназия директоры Бекзат Сағындықұлы сөз сөйлеп, жиынның негізгі мақсаты мен міндеттерін атап өтті. Ол жоспарға сәйкес атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта да оқушылардың дайындығы мен білім сапасын басты назарда ұстайтындығын жеткізді. Сонымен қатар 11 «А» сынып жетекшісі Абдрасилова Сауле, 11 «Ә» сынып жетекшісі Беркімбаева Сандуғаш, 11 «Б» сынып жетекшісі Дәуренқызы Салтанат және 11 «В» сынып жетекшісі Байжанова Элеонора өз сыныптарының дайындық барысы мен талдама жұмыстары бойынша баяндама жасады. Оқушылардың білім көрсеткішін арттыру, кемшіліктерді анықтау және ҰБТ-ға жүйелі дайындық жүргізу бағытында нақты ұсыныстар қарастырылды.