27 наурыз күні Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында №4 педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңесті мектеп-гимназия директоры Бекзат Сағындықұлы ашып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелермен таныстырды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
1. ІІІ тоқсан қортындысы (диагностика,мониторинг) бақылау жұмысының нәтижелері.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Шынар Махсутқызы ІІІ тоқсандағы білім сапасын талдап, оқушылардың үлгерімі мен нәтижелері бойынша мониторинг жүргізді.
2. ҰБТ мониторнгтік талдау, «Алтын белгі», «Үздік аттестатқа» үміткерлер жайлы.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Бақытқызы Ұлттық бірыңғай тест сынамасы бойынша тапсырған оқушылардың нәтижелерімен бөлісті. Сонымен қатар, бітіруші 9-сынып пен 11-сынып оқушыларының «Үздік аттестат» пен «Алтын белгіге» үміткерлері нақтыланды.
3. 2025-2026 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау жайлы.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлшат Кенжетайқызы 2025-2026 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау, 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап 31 тамызға дейін egov.kz электрондық үкіметінің порталы арқылы жүзеге асырылатынын атап өтті.
4. Ыстық тамақ, жазғы демалыс туралы.
Әлеуметтік педагог Сабырбекова Нұрай оқушылар екі аусымда бекітілген кестеге сәйкес тамақтанып, асхана жұмысын бақылау мақсатында журналдардың уақытылы жүргізіліп отырғандығын айтты.
5. Тәрбие бағыттары және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльмира Орынбасарқызы балалардың күнделікті өмірінде қауіпсіздікке ықпал ететін дағдыларға үйрету және оқушылардың мектеп формасының сақталуына назар аударылуын атап өтті.
✅Кеңес соңында мектеп директоры Бекзат Сағындықұлы: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Тәрбие мен білімді ұштастыра отырып, келер ұрпаққа сапалы білім беруде ұжымдаса жұмыс жасау керек»,- деп келесі тоқсанға сәттілік тіледі.
✅Педагогикалық кеңес хатшысы Гүлім Ғаниқызы №4 педагогикалық кеңестің қаулысын оқыды. Ұжым қаулыны бірауыздан қолдады.
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/pedagogikaly-dep-ke-esi/520-4-pedagogikaly-ke-es.html#sigFreeIdb6da9c7fb2






