ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Бүгін қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2025–2026 оқу жылында өткізілген пәндік және ғылыми-зерттеу сайыстарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі жоғары деңгейде өтті. Аталған салтанатты жиында «Зерде» республикалық 2–7 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қалалық кезеңінде мектеп-гимназиямыздың мақтанышы — 4-сынып оқушысы Балмағанбет Ерназар Ерланұлы жүлделі І орын иегері атанып, марапатталды. Жетекшісі — Байжігітова Айгүл Есенқызы,шәкіртке бағыт-бағдар беріп, ізденіске жетелеген білікті ұстазда “Алгыс хатпен марапатталды. Марапаттау кешінде қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Мажитовна жеңімпаз оқушыларды шын жүректен құттықтап: «Құрметті оқушылар, білімді адам өмір жолында әрдайым озады, өз орнын табады. Сіздерді болашақта елге қызмет ететін, жақсы маман иесі болады деп сенемін. Баршаңызға жарқын болашақ тілеймін!» — деп, жүрекке жетерлік, жалынды сөздерін арнады. Мектеп-гимназия ұжымы атынан Ерназарды және жетекшісі Айгүл апайды зор жетістіктерімен шын жүректен құттықтай отырып, осындай білімді, талапты шәкірттеріміз бен тәжірибелі ұстаздарымызды мақтан тұтамыз! Ерназар, алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, білім жолында талай жетістікке жете бер! Жеңістерің көп болсын!
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/o-uyshylardy-zhetistikteri/688-zhe-ispen-tty-tajmyz.html#sigFreeIde101826039






