ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қала мектептері 11-сынып оқушылары арасындағы “Zeyin-2025” білім олимпиадасында мектеп-гимназиямыздың шәкірттері жүлделі орындарға ие болды:
Айдос Жанель — 20 000 тг сертификат + ҰБТ-ға дайындық курсына 25% жеңілдік
Ербахытқызы Айзере — 5 000 тг + ҰБТ-ға дайындық курсына 25% жеңілдік
Айдос Алибек — наушник + ҰБТ-ға дайындық курсына 25% жеңілдік
Сапаралиев Мейіржан — 10 000 тг + ҰБТ-ға дайындық курсына 25% жеңілдік
Бұл жетістіктер — мектеп әкімшілігінің жүйелі қолдауы мен педагогтеріміздің табанды еңбегінің нақты нәтижесі. Бізде ҰБТ-ға дайындық жүйелі түрде ұйымдастырылған: мақсат қою, пәндік кеңес беру, тұрақты жаттығу тесттері, кері байланыс пен мотивациялық қолдау. Әр оқушының әлеуетін ашуға бағытталған бірлескен еңбектің жемісі — осындай жеңістер!
Жүлдегерлерімізге — жарқын жеңістерің көп болсын, алдағы ҰБТ-да сәттілік!
Ата-аналарға — сенім мен серіктестік үшін алғыс!
Ұстаздарға — кәсібилік пен жанашырлықтарыңыз үшін ризашылығымыз шексіз!
View the embedded image gallery online at:
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/o-uyshylardy-zhetistikteri/572-mektep-gimnaziyamyzdy-sh-kirtteri-zh-ldeli-oryndar-a-ie-boldy.html#sigFreeId94d3d20205
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/o-uyshylardy-zhetistikteri/572-mektep-gimnaziyamyzdy-sh-kirtteri-zh-ldeli-oryndar-a-ie-boldy.html#sigFreeId94d3d20205






