Құттықтаймыз! Мектебіміздің биылғы түлектері үшін қуанышты жаңалықпен бөлісуге асықпыз! 2025 жылғы түлектеріміздің 28-і мемлекеттік білім грантының иегері атанып, армандаған мамандықтарына бір қадам жақындады. Барша грант иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер – еліміздің болашағына жол ашқан, биік белестерге ұмтылған дарынды жастарсыздар. Бұл жеңіс – тек бастамасы ғана. Алда сіздерді үлкен мүмкіндіктер мен жауапты кезеңдер күтіп тұр. Жаңа өмір белесіне сәтті қадам басқандарыңызға қуаныштымыз! Ұстаздарыңызға, ата-аналарыңызға және өздеріңізге алғыс айтамыз – бұл жеңіс көптің еңбегінің жемісі. Түлектерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алда талай белес пен табыс күтіп тұр! Армандарың орындалып, студенттік өмір жарқын болсын! #9mektep #bilimkzo
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/o-uyshylardy-zhetistikteri/541-tty-tajmyz-3.html#sigFreeIdb855772176






