"Мамандықтар әлемін ашамыз" тақырыбындағы республикалық форумның облыстық кезеңінде "Менің кәсібім, менің бизнесім" номинациясы бойынша ІІІ орын иегері атанған №9 мектеп - гимназиясының 10 - сынып оқушысы Айдос Жанелді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Жанел – тек оқуда озат, үздік оқушы ғана емес, сондай - ақ мектеп парламентінің белсенді мүшесі, талантты суретші, тоқыма өнерінің шебері, дебат клубының үздік спикері! Бұл жетістікке жетуде жетекшісі – педагог-шебер, көркем еңбек және кәсіпкерлік негіздері пәнінің оқытушысы Шайхсламова Сауле Курманбекованың еңбегі зор! Жанелге шығармашылық табыс, жаңа белестер мен жеңістер тілейміз! Сенің талпынысың мен еңбегің болашақта үлкен жетістіктерге жетелейтініне сенімдіміз!