9-Мектеп-гимназиясында "Нағитану" жобасы аясында әдеби-танымдық шара өтті! Біздің мектеп Отанға адал қызмет етіп, ерлік пен еңбекте үлгі болған Нағи Ильясов есімімен аталады. Осы орайда, биылғы оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрсәуле Жалмағамбетова бастамасымен "Нағитану" жобасы құрылды. Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында өткен "Жырым сізге, Нағи ата!" атты әдеби-танымдық шарада оқушылар Нағи Ильясовтың өмір жолын таныстырып, тарихи көріністер қойды. 6-А сынып оқушылары батырдың "Жауынгер жолы" кітабынан естеліктерді жатқа айтты. 8-Ә сынып оқушылары "Майданға аттанғанда қоштасу" көрінісін сахналады. 7-А сыныптан құрылған "Нағитанушылар" тобы ұстаз Н. Жалмағамбетованың жүлделі 1-орын алған Нағи жолы" дастанын жатқа оқып, авторлық "Нағи ата" әнін хормен орындады. Шара соңында оқушыларға сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге ерекше сыйлықтар табысталды. "Нағитану" – тұлғаны танып, оның ерлік жолын зерттеу арқылы өскелең ұрпаққа адами құндылықтарды сіңірудің ұтымды жолы. Шарадан үздік сәттерді төмендегі суреттерден тамашалаңыз!






