ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСТАРЫН, ЖАЛҒАН ТЕРРОРИЗМДІ ЖАСАУҒА, ҚОРҚЫТЫП АЛУ, ҰРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ БУЛЛИНГ ПЕН КИБЕРБУЛЛИНГТІҢ ЖӘНЕ Т.Б. ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ҚАТЫСУЫНА ЖОЛ БЕРМЕУ
Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында мектеп-гимназия оқушыларына есірткі қылмыстары, жалған терроризм туралы хабар беру, қорқытып алу, ұрлық, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бағытында жан-жақты ақпарат берілді.
Кездесуге Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қатысты. Атап айтқанда, Қызылорда ҚПБ ҚҚБ ЮПБ УПИ-нің полиция аға лейтенанты Наурызбаев Наурызбек Батырбайұлы оқушыларға түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жүруге тыйым салынатынын түсіндірді. Ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабына сәйкес, кәмелетке толмаған балалардың сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуына жол берілмейтінін атап өтті. Аталған талапты бұзған жағдайда ата-аналарға немесе заңды өкілдерге әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын, ал құқықбұзушылық қайталанған жағдайда жауапкершілік шаралары қатаңдатылатынын ескертті. Сонымен қатар, түнгі уақытта жүру жасөспірімдердің қылмысқа, құқықбұзушылыққа немесе жазатайым жағдайларға тап болу қаупін арттыратынын жеткізді.
Қызылорда ҚПБ ҚҚБ ЮПБ-ның УПИ-ры, полиция майоры Осипов Нұрболат түнгі мезгілде жасалатын қылмыстардың басым бөлігі кәмелетке толмағандардың қатысуымен немесе оларға қарсы бағытталатынын атап өтті. Ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ұрлық, тонау, бұзақылық сияқты қылмыстардың көбіне түнгі уақытта орын алатынын айтып, мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік жас ерекшелігіне байланысты белгіленетінін түсіндірді. Сондай-ақ, жалған терроризм туралы хабар беру деректері бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабында ауыр қылмыстық жауапкершілік көзделгенін, бұл әрекеттердің жасөспірімнің болашағына кері әсер ететінін ерекше атап өтті. Оқушыларды түнгі мезгілде себепсіз көшеде жүрмеуге және күмәнді жағдайлардан аулақ болуға шақырды.
Сонымен қатар, Қызылорда ҚПБ ҚҚБ ЮПБ аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Аязбаева Гүлзат Серікқызы оқушылардың түнгі уақытта бақылаусыз жүруі олардың психологиялық және әлеуметтік қауіпсіздігіне кері әсер ететінін айтты. Ол әлеуметтік желілер арқылы түнгі уақытта кибербуллинг, бопсалау, қорқыту сияқты қауіптердің жиі кездесетінін атап өтіп, мұндай жағдайлардың алдын алу үшін ата-анамен тығыз байланыста болудың маңыздылығын түсіндірді. Оқушыларға интернет пен әлеуметтік желілерде қауіпсіздік ережелерін сақтау, белгісіз тұлғалармен байланысқа түспеу және кез келген қауіп туындаған жағдайда ересектерге немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлау қажеттігін жеткізді.
Кездесу барысында оқушыларға түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жүрмеу – заң талабы екені, оның негізгі мақсаты жасөспірімдердің өмірі мен қауіпсіздігін қорғау екені жан-жақты түсіндірілді.
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/mektepti-ishki-t-rtibi/686-terrorizmge-zh-ne-bullingke-arsy-shy-u.html#sigFreeId48578e41ff






