Құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбында профилактикалық кездесу
20 қараша күні Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында Қызылорда қалалық полиция басқармасының бастығының орынбасарлары полиция полковнигі А. Шагиров, полиция майоры А. Стамкулов, сондай-ақ ҚПБ ҚҚб ЮПб аға УПИ-ры полиция майоры Г. Аязбаева оқушылармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты-жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық мәдениетін арттыру, мектеп оқушыларына өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды үйрету болды. Кездесу барысында полиция қызметкерлері:
жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық түрлері;
оның туындау себептері мен зардаптары;
киберқауіпсіздік және интернеттегі жауапкершілік;
түнгі уақытта заңмен белгіленген шектеулер;
қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері;
ата-ана мен баланың құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен ақпарат берді.
Оқушылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, нақты жағдайларға байланысты түсініктеме алды. Әсіресе буллинг, интернет алаяқтық, түнгі мезгілдегі бақылаусыз жүру және достар ортасындағы қауіп-қатер жөнінде ашық диалог өрбіді.
Кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың қоғамдағы мінез-құлық мәдениетін нығайтуға, қауіпсіз өмір салтын ұстануға бағытталған пайдалы ақпараттармен толықты.
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/mektepti-ishki-t-rtibi/630-y-b-zushyly-ty-aldyn-alu.html#sigFreeIda3c62ff4d0






