30 қыркүйек күні Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында 8–11 сынып ер балаларымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу акциясы аясында кездесу өтті. Іс-шараға ҚПБ ЖПКБ ЮПБ УПИ-нің полиция лейтенанты Наурызбаев Наурызбек Батырбайұлы және мектеп-гимназия инспекторы Аязбаева Гүлзат Серікқызы қатысып, оқушыларға құқықтық тәрбие, заң талаптарын сақтау және буллинг, кибербуллинг, лудомания, бопсалау, түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жалғыз жүрмеу, жеке жауапкершілік жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.