Мақсаты: мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, 2025–2026 оқу жылындағы педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін анықтау.
2025-2026 оқу жылында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын мектепте іске асырудың бағыты түсіндірілді.
Ппедагогикалық кеңес отырысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институты директорының орынбасары С.К.Серикбаев қатысты.​
​Мектеп-гимназия директоры Ибраев Бекзат Сағындықұлы барша ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтап, жаңа оқу жылына толағай табыс пен шығармашылық шабыт тіледі.
Кеңес соңында жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде және қаламыздың қоғамдық жұмыстарына белсенділік танытқан бірқатар әріптестерге алғыс хат табысталды