Бүгін мектебімізде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай "ӘЙЕЛ-ӘЛЕМНІҢ ЖҮРЕГІ" атты мерекелік шара өтті. Шараны ашып сөз сөйлеген Ибраев Бекзат Сағындықұлы ұжымдағы нәзік жандыларды мерекемен құттықтады. Ер азаматтардың құттықтауы ұжымдағы әйел-аналардың көңілін көтеріп, мектеп кәсіподағы сыйлықтар табыстады. Шараның соңы мерекелік концертке ұласты.






