15 қазан – CHOCO DAY! Тәтті көңіл-күй күні!
Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында ерекше мерекелік атмосфера орнады!
Мектеп-гимназия ұжымы мен оқушылар «Choco Day» – Шоколад күнін атап өтті. Бұл күн тәтті сыйлықтармен, күлкі мен мейірімге толы сәттермен есте қалды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың көңіл-күйін көтеру, достық қарым-қатынасты нығайту, жылы эмоциялар арқылы мектеп-гимназияда жағымды орта қалыптастыру болды.
Күн бойы оқушылар мен ұстаздар шоколад пен тәттілермен бөлісіп, бір-біріне жақсы тілектер арнады.
Мектеп-гимназия ішінде арнайы «Choco фотозонасы» ұйымдастырылып, оқушылар естелік суреттерге түсті.
Сонымен қатар, «Тәтті көңіл-күй», «Choco Quiz», «Ең дәмді шоколад», «Шоколад сыйлығы кімге бұйырады?» сияқты шағын ойындар мен викториналар өткізілді.
Мереке барысында барлық сыныптар белсенділік танытып, бір-біріне жылылық пен қуаныш сыйлады. 
Мектеп-гимназия дәліздерінде шат күлкі мен қуаныштың лебі сезілді, ал күн соңында барлығы тәтті әсерге бөленді.
“Choco Day” – бұл жай ғана тәтті мереке емес, ол мейірім мен достықты арттыратын тамаша дәстүрге айналды!