Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында осы тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Бүгінгі таңда қоғамды алаңдататын ең үлкен қауіптердің бірі – есірткі. Ол адам денсаулығына ғана емес, бүкіл болашағына балта шабатын қауіпті дерт.
Жүйке жүйесін әлсіретіп, сананы улайды, адамды отбасынан, достарынан, өмірдің мәнінен айырады.
Жастардың көпшілігі қызығушылықтан немесе қиындықтан қашып, бұл жолға түседі. Бірақ оның соңы қайғылы жағдайға әкелетінін ескере бермейді.
Дөңгелек үстел іс-шарасында есірткінің зияны, оның алдын алу жолдары, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы талқыланды.
Қорытынды: Есірткі – жеңуге болатын дерт. Жастарға дұрыс бағыт беріп, қоғам болып бірігіп әрекет етсек, жарқын болашаққа жол ашамыз!
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/mektep-parlamenti/569-esirtki-asyr-derti.html#sigFreeId07e3092587






