Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында 12 ақпан күні оқушылардың пікірі мен ойын ортаға салу, сөз мәдениеттілігін шыңдау,ораторлық, критикалық ойлауды дамыта отырып, еліне елеулі қызмет ететін көшбасшыларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Ата Заңым - айбыным» тақырыбында қала мектептерінің 9-10 сынып оқушылары арасында қалалық пікірсайыс (дебат) турнирі өтті. Турнир жеңімпаздары, №257 мектеп оқушыларынан құралған «Шамшырақ» фракциясы І, С.Толыбеков атындағы №3 IT-мектеп-лицейі оқушыларынан құралған «Ақиқат» фракциясы ІІ, №211 мектептен қатысқан «Ахмет жастары» және №233 мектептен қатысқан «Аристократ» фракциялары ІІІ дәрежелі арнайы Қалалық Білім бөлімінің дипломдары және қатысқан барлық мектептердің фракциялары Алғыспен марапатталды.
Жеңімпаздарды және барлық қатысушыларды құттықтаймыз!
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/mektep-parlamenti/477-ata-za-ym-ajbynym.html#sigFreeIdbee96ab786






