ҮЗДІК ТӘРБИЕ ОРЫНБАСАРЫ-2025
ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРІ!
Жалпы білім беру ұйымдары арасында өткізілген “Үздік тәрбие орынбасары-2025” қалалық байқауына
Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
ҮСЕНОВА САЛИМА ҚҰНДАҚБАЙҚЫЗЫ
қатысып, өз кәсібилігі мен шығармашылық әлеуетін жоғары деңгейде көрсетті.
Байқау мақсаты:
-жалпы орта білім беру ұйымдары тәрбие орынбасарларының қызметінің нәтижелігін арттыруға үлес қосу;
-олардың белсенділігін ,креативтілігін және шығармашылық ізденісін ынталандыру.
Байқаудың міндеттері:
Кәсіби құзіреттілігі жоғары,hard және soft skills дағдылары мен заманауи көшбасшы дағдыларын,онымен қоса ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген,кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізетін,шығармашылықпен жұмыс жасайтын тәрбие орынбасарларын анықтау;
Байқау төмендегі кезеңдер бойынша өткізілді:
I кезең-“Тәрбие орынбасарының кейсі”
(Таныстыру бейнеролигі)
II кезе-“Мұғалім Talks”
(“Ұлттық тәрбиені сіңіру моделі-менің көзқарасыммен” тақырыбы)
III кезең-“Мен ұсынған жоба: идеядан іске асыруға дейін”(Жобалық жұмыс)
Әр кезеңде Салима Құндақбайқызы өзінің біліктілігін, заманауи талапқа сай ойлай алатын жетекші маман екенін дәлелдеп, ЖИ бағдарламасын тиімді қолдана отырып, жүйелі жұмыс нәтижесінде
ЖҮЛДЕЛІ ІІ ОРЫНДЫ иеленді!
Бұл жеңіс-мектеп ұжымының бірлігі мен жүйелі тәрбие жұмысының жемісі. Сонымен қатар бұл нәтиже-Үсенова Салима
Құндақбайқызының бала жүрегіне жол таба білетін, ұлттық тәрбиені заманауи бағытпен ұштастыра алатын білікті маман екенінің айқын дәлелі.