Астана қаласында өткен бұл маңызды шара — еліміздің білім беру саласындағы жаңа серпілістің, жаңашыл ой мен кәсіби дамудың көрінісі болды. Іс-шара барысында ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жобаны сәтті аяқтаған қатысушыларға кадрлық резервке қабылданғанын растайтын сертификаттар табыстады.
Осы игі бастаманың нәтижесінде мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары, ұжымымыздың мақтанышы — Елемесова Шынар Махсутовна кадрлық резерв мүшелігіне қабылданды. Бұл — Шынар Мақсұтқызының кәсіби біліктілігі мен көшбасшылық қабілетінің, үздіксіз ізденісі мен еңбексүйгіштігінің жарқын дәлелі.
Шынар апайымыз — өз ісіне адал, жаңашылдыққа ұмтылатын, шәкірт пен әріптесіне мейірім шуағын төге білетін нағыз ұстаз.
Оның осы жетістігі — мектебіміздің абыройы, ұжымның ортақ қуанышы!
Құрметті Шынар Мақсұтқызы!
Сізді шын жүректен құттықтаймыз!
Болашақта білім саласындағы реформалар мен оң өзгерістердің алдыңғы шебінде жүріп, ел ертеңі үшін атқаратын игі істеріңізге зор табыс тілейміз!
Жаңа белестер мен биік жетістіктер жолыңыз болсын!
Абыройыңыз артып, мерейіңіз үстем бола берсін!






