Ақпанның 28-і мен наурыздың 1-і аралығында Астана қаласындағы №111 жайлы мектеп базасында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының ұйымдастыруымен "Шығармашылық пен өнер: білім алудағы жаңа мүмкіндіктер" тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті.
Семинардың басты мақсаты – технология және өнер білім беру саласындағы жетілдірілген мазмұнды іске асыру, жаңа педагогикалық әдістерді талқылау және тәжірибе алмасу.
Осы маңызды шараға Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәні мұғалімі, педагог-шебер Шайхсламова Сауле Құрманбекқызы қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. Ұстаздың шығармашылық ізденісі мен кәсіби шеберлігі жоғары бағаланып, республикалық семинар сертификатымен марапатталды.
Мектеп-гимназиямыздың директоры Бекзат Сағындықұлы бұл жетістікті ерекше қуанышпен қарсы алып, ұстаздың еңбегін жоғары бағалады. Мұндай білім алмасу алаңдары ұстаздардың кәсіби дамуына, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруіне және оқушыларға сапалы білім беруге зор мүмкіндік береді.
Сауле Құрманбекқызын жетістігімен құттықтаймыз!
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/m-alimderdi-zhetistikteri/501-astanada-y-respublikaly-seminarda-s-ule-rmanbek-yzy-z-t-zhiribesimen-b-listi.html#sigFreeId71b5b87a69






