2025 жылдың 15 желтоқсан күні Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп - гимназиясының кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік тұғырым" атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараға мектептің 2 - сынып оқушылары қатысты. Мақсаты - жас ұрпаққа Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, елге деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Іс - шара барысында оқушыларға Тәуелсіз Қазақстан туралы түсінік беріліп, патриоттық тәрбие беру мақсатында түрлі жұмыстар атқарылды. Балалар Тәуелсіздік туралы тақпақтар оқып, ән айтты, тақырыпқа байланысты сурет салып, белсенділік танытты. Шараға қатысқан әр бала өз Отанын мақтан тұтатынын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен қатысты. Іс - шара өз деңгейінде өтті. Оқушылардың белсенділігі жоғары болды. Балалар өз елін құрметтеуге, тарихын білуге деген қызығушылықтарын көрсетті. Мектеп кітапханасы тарапынан ұйымдастырылған бұл шара балалардың патриоттық сезімін нығайтты.