2025 жылдың қазан айында Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында жазушы, ғалым, қоғам қайраткері, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар батырдың өмір жолы, Ұлы Отан соғысындағы ерлігі, әдеби және ғылыми еңбектерімен танысты. Мәлік Ғабдуллиннің патриоттық рухтағы шығармаларынан үзінділер оқылып, баяндамалар мен бейнероликтер ұсынылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік рухын арттыру, тарихи тұлғаларға деген құрметті қалыптастыру және Мәлік Ғабдуллиннің ерлік пен білімге толы өнегелі өмірін үлгі ету.
https://9sh-gimnziya-edu.testim.kz/kz/balalar-kitapkhanasy/626-batyrdy-zholy-rpa-a-siet.html#sigFreeId3bd291b554






