16–17 қазан күндері Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында дәстүрге айналған «Алтын күз – 2025» атты жәрмеңке жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Іс-шараға 5–7 сынып оқушылары мен ата-аналары белсене қатысып, өз қолдарымен әзірлеген тағамдар, тәттілер мен қолдан жасалған бұйымдарын ұсынды. Жәрмеңке барысында оқушылардың еңбекқорлығы, ұйымшылдығы, шығармашылығы және кәсіпкерлік қабілеттері ерекше көрініс тапты.
Шараның басты мақсаты — оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа, өз еңбегінің нәтижесін бағалай білуге тәрбиелеу, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды. 🇰🇿
Жәрмеңкеден түскен қаржы мөлшері оқушылар мен ата-аналардың бірлескен шешімімен қайырымдылық мақсатында жұмсалды. Бұл — мейірім мен ізгіліктің, бірлік пен ортақ жауапкершіліктің жарқын үлгісі.
«Алтын күз» жәрмеңкесі қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй, ұмытылмас сәттер мен ізгі істерге деген шабыт сыйлады.






