30 қазан күні Нағи Ільясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында «Мектеп – бала – ата-ана: бірлікте болашаққа!» атты Ашық есік күні жоғары деңгейде өтті.
Бұл күні ата-аналар мектеп-гимназияның тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысып, балаларының білім, өнер және шығармашылық жетістіктерін көруге мүмкіндік алды.
 Іс-шара бағдарламасы аясында:
«Нағитану» жобасы таныстырылды, оқушылар өлең-жыр шумақтарын ата-аналарына тарту етті.
Мектеп-гимназиядағыбес тас, асық ату, тоғызқұмалақ, волейбол, гандбол спорттық үйірмелердің жұмыстары көрсетілді.
Бастауыш сынып оқушылары Абайдың «Толық Адам әлемін ұлықтау» атты тағылымды іс-шарасын ұсынылып, «Адамзат, табиғатпен егіз бе едің?» танымдық көрмесі ұйымдастырылды.
«Smart Bala», «Шабыт» жобалары оқушыларының жұмыстары ұсынылды.
Дефектолог-логопед кабинетінің жұмысы таныстырылып, ата-аналарға кеңестер берілді.
Ата-аналар сыныптарға саяхат жасап, мектеп-гимназия асханасы мен оқу кабинеттерімен танысты.
Парламент өзін-өзі басқару ұйымы оқушыларының концерттік бағдарламасы көрсетілді.
Шара соңында жылы шырайлы «Бауырсақ пати» ұйымдастырылып, қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
 Ашық есік күні ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттырып, бала болашағы үшін бірлесе еңбек етудің маңызын айқындады.

 Белсене қатысып, қолдау білдірген ата-аналарға зор алғысымызды білдіреміз!