ЖЕҢІС ЖАЛАУЫ ЖЕЛБІРЕГЕН КҮН БОЛДЫ??

Жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде мектебіміздің дарынды, талантты оқушылары біраз жеңісті қанжығасына байлады. Биология-география пәнінің мұғалімі Абдрасилова Сәуленің жетекшілігімен
7 сынып оқушысы Қожахмет Арайлым ІІІ орынды иеленсе, 7 сынып оқушысы Исламбек Ақнұр ІІІ орынды иеленді. Ақнұрдың жетекшісі химия пәні мұғалімі Сүйіндікова Сағыныш.Сондай ақ,
физика пәнінен қатысқан 7 сынып оқушысы Сапаралиев Мейіржан ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі физика пәні мұғалімі Сейдахметова Манат. Ал информатика пәнінен 7 сынып оқушысы Утетлеуов Руслан 2 орын иеленді. Жетекшісі Ембергенова Қалдыгүл, 8 сынып оқушысы Көбейсінова Арайлым 3 орын иеленді. Пән мұғалімі Карибаева Жайна.
Білім жолындағы жеңістеріміз қарымды, оқушыларымыз салымды болсын!
Баршаңызға ЖЕҢІС құтты болсын!