ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
«Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мекемесінің әкімшілігі Жаңа жыл мерекесіне байланысты төмендегіні ресми түрде хабарлайды.
Мектеп аумағында және білім беру үдерісіне қатысты кез келген іс-шара барысында ата-аналар тарапынан ақша жинауға, материалдық сыйлықтар ұсынуға, қандай да бір қаржылай немесе заттай қолдау көрсетуге қатаң түрде тыйым салынады.
Аталған әрекеттер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы болып табылады және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 247-бабына сәйкес заңды жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екендігін ескертеміз.
Ұжымға деген құрметті жылы лебіз, шынайы құттықтау және ізгі тілектер арқылы білдіру жеткілікті екенін назарларыңызға саламыз.
Мектептің негізгі міндеті – әрбір білім алушыға сапалы білім беріп, саналы тәрбие қалыптастыру. Осы мақсатта мектеп пен ата-ана арасындағы ашықтық, адалдық және заң талаптарын сақтау – басты қағида.
Егер заң талаптарын бұзуға әкелуі мүмкін жағдайлар орын алған жағдайда, мектеп әкімшілігіне дер кезінде хабарлауларыңызды сұраймыз.
Құрметпен,
Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының директоры
Ибраев Бекзат Сағындықұлы