16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай сынып сағаттары өткізілді!
Біздің мектеп-гимназиямызда Тәуелсіздік күніне арналған арнайы сынып сағаттары барлық сыныптарда ұйымдастырылды.Оқушылар Қазақстанның тәуелсіздік тарихымен танысып, елдік рух пен патриоттық сезімдерін арттырды.
Сынып сағаттары барысында:
Қазақстанның Тәуелсіздікке жету жолындағы маңызды тарихи оқиғалар қарастырылды;
Ел тарихына қатысты қызықты ойындар мен викториналар өткізілді;
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, патриоттық көзқарастарын білдірді.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпаққа елін сүюді, ұлттық құндылықтарды құрметтеуді және тәуелсіздікті бағалауды үйретеді.Білім мен тәрбие үйлесім тапқан сынып сағаттары оқушылардың бойында патриоттық сезімді күшейтті.






