«Жүректен шыққан жылылық - ізгілікке бастар жол» Көңілді үзіліс аясында мұғалімдерге арналған қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Іс - шара барысында мектеп ұстаздары өздерінің артық, бірақ жарамды киімдерін әкеліп, оларды аз қамтылған отбасыларға табыстады. Акцияның жауапты ұйымдастырушылары - Алдабергенова М.Т. және Паримбекова А.К. Бұл игі іс - ұстаздар қауымының мейірімділік, жанашырлық және адамгершілік құндылықтарын нақты іспен көрсеткен жарқын үлгісі болды. Әрбір әкелінген киім - тек зат емес, жүректен шыққан жылулық пен қамқорлықтың белгісі. Қайырымдылық - үлкен сөз емес, шынайы әрекет. Ізгілікке бастар жол - жүректен басталады. Осындай мазмұнды іс - шаралар мектеп ұжымындағы бірлікті нығайтып, қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.