5 желтоқсан күні Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында Қызылорда облыстық полиция департаментінің мамандарының қатысуымен 8–11 сынып оқушыларына арналған құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды кездесу өтті.
Шараға арнайы келген Қызылорда ОПД Жедел-криминалистикалық басқармасының бас криминалисті, полиция майоры Сапарбаев Жанабай Мырзахметұлы, Қызылорда ОПД Жедел-криминалистикалық басқармасының криминалисті, полиция подполковнигі Алимов Алтынбек Құрақбайұлы оқушыларға кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға құқықтық нормаларды сақтау, заң талаптарын бұзудың салдары, түрлі әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері туралы нақты мысалдар арқылы түсіндіріп, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастырудың маңызын атап өтті.
Сонымен қатар:
-
кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері,
-
зорлық-зомбылықтың түрлері мен салдары туралы,
-
құқық бұзушылық түрлері және олардың салдары,
-
әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік,
-
буллинг, кибербуллинг және интернеттегі алаяқтықтан қорғану жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқушылар мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, нақты мысалдармен түсіндірілген жауаптар алды. Өмірлік жағдаяттар талданып, әрбір оқушыға заңды білу – өзін және айналадағы адамдарды қорғаудың басты жолы екені жеткізілді.
Шараның мақсаты — жастарды қоғам алдындағы жауапкершілікке тәрбиелеу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Кездесу оқушылар үшін пайдалы әрі әсерлі болып, құқықтық мәдениетті нығайтуға үлкен ықпал етті.






