Жылдық жоспарға сәйкес директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Палмаганбетова Гульшат Кенжетаевнаның бастамасымен 2025жылдың 28 қараша күні Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімдері мен бастауыш сыныпта білім алып жатқан ерекше білімді қажет ететін оқушыларға арналған «Бір жүрек-бір әлем» тақырыбында іс-шара болып өтті. Іс-шараның мақсаты:
Әр баланың ерекше екенін, барлығының тең құқықты екенін ұғындыра отырып, мейірімділікке, қамқорлыққа, достыққа,құрбы-құрдастарына түсіністікпен, сыйластықпен қарауға тәрбиелеу;
Қонақтарды қарсы алу рәсімінен соң керемет қошеметпен арнайы соңғы үлгідегі жабдықтармен жабдықталған дефектолог, логопед кабинетінде ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс түрлері ұйымдастырылды. Ұйымдастырған мектеп-гимназия логопеді Жаңатайұлы Манас. Бастауыш сынып оқушыларының әр жобаға негізделген кабинеттерге саяхат жүргізіліп, әрі қарай іс -шарамыз акт. залында бастау алды. «Бір жүрек-бір әлем» тақырыбындағы іс-шараның құрметті қонағы ПМПК орталығының әдіскері Жунусова Меруерт Молтовна мен мектеп-гимназия директоры Ибраев Бекзат Сағындықұлы салтанатты түрде ашып берді.
ЖИ көмекші құралының көмегімен «Бір жүрек-бір әлем» бастауыш сыныптарда сабақ беретін ағылшын пәні мұғалімі Мұратбекқызы Гүлзаттың авторлығымен бейнебаян көрсетілді.Бастауыш сынып оқушылары пролог«Абай мен Міржақып-мәңгілік руханият шамшырақтары», «Шалқан» ертегісін сахнада орындап шықты. Тақырыпқа сәйкес ана мен бала жайлы әндер шырқалып, көңілді үзіліс, шулы оркестр сазды әуен орындап балаларын ерекше көңіл -күй сыйлады. Іс-шара соңында балаларга арнайы сыйлықтар таратылды.







