23 қазан күні Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында 25 қазан — Республика күніне және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығын мерекелеуді дайындау және өткізуге арналған іс-шаралар жоспары аясында бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Менің Отаным – Қазақстан» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.

Бұл шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, туған жерінің тарихын, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу болды.

Байқауға 1–4 сынып оқушылары белсене қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әр бала өз еңбегі арқылы Қазақстанның әсем табиғатын, ел рәміздерін, бейбіт өмір мен бірлікті бейнелеп, өз қиялындағы отандық бейнені қағаз бетіне түсірді.

Шара барысында оқушылар патриоттық әндер орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Бұл игі шара оқушылардың бойында елжандылық сезімді арттырып, туған елге деген мақтаныш пен сүйіспеншілікті нығайтты.