Республика күнін мерекелеу жөніндегі циркулярға және бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, 20 қазаннан бастап еліміздің барлық білім ұйымдарында әлеуметтік желілерде «Менің Қазақстаным» челленджі бастау алды.

Бұл бастаманың басты мақсаты – ұлттық мереке Республика күнімен және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығымен құттықтап, елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін арттыру, жастардың патриоттық рухын көтеру.

Аталған челлендж өз жалғасын Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында тапты. Мектеп-гимназия директоры Ибраев Бекзат Сағындықұлы мен парламент өзін-өзі басқару ұйымы мерекеге арналған ізгі тілектерін, жүрекжарды құттықтауларын жолдап, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің қадірін ұлықтауға шақырды.

Осындай бастамалар арқылы жас ұрпақтың бойында елжандылық, отансүйгіштік, азаматтық жауапкершілік сезімдері қалыптасып, еліміздің рухани құндылықтарын дәріптеу жалғасын табуда.