25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында 5-11 сынып оқушылары арасында жалпы республикалық диктант жазу шарасы ұйымдастырылды.
Диктанттың мақсаты – оқушылардың тіл мәдениетін арттыру, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, және қазақ тілінің мәртебесін көтеру арқылы Отанға деген сүйіспеншілікті ояту.
 Бұл іс-шараның маңыздылығы – жас ұрпаққа туған елінің тарихы мен тәуелсіздік құндылығын сезіндіру, ұлттық рух пен елжандылық сезімді нығайту. Әрбір оқушының жүрегінде Қазақстанға деген мақтаныш сезімі мен жауапкершілік ұялатты.
📚 Оқушылар белсенділікпен қатысып, өз білімдерін, тілге деген құрметін көрсетті.
Халықтың ең үлкен байлығы – оның тілі мен тәуелсіздігі.
Ал біз сол байлықты ұлықтай білетін ұрпақ тәрбиелеп келеміз!