Бүгін мектебімізде арнайы мамандардың ұйымдастыруымен, 13–17 қазан аралығында №1 ПМПК мекемесімен бірлескен “Тең орта – тең мүмкіндік” атты апталығымыздың ашылу салтанаты өтті.

 

Шарада ұстаздар мен оқушыларға арналған таңғы тілекпен басталып, жылы сөз, жақсы көңіл, шабыт пен қуанышты сәттермен жалғасын тапты.
Күннің жалғасы жүректерге жылу ұялатқан “Тең орта – тең мүмкіндік” атауымен концерттік бағдарламамен өрбіді.

 

Бұл шарада ерекше балалар мен олардың достары өз өнерлерін паш етіп, көрерменге мейірім мен қуаныш сыйлады.