Ұстаз – барша ізгілік пен парасаттың бастауы.
Ұстаз – ұрпаққа шамшырақ, өмірге бағыт беретін асыл тұлға.
Олардың еңбегі – өлшеусіз, ал құрмет – шексіз.
Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының оқушылары да «Мұғалімге мың алғыс!» атты челленджге өз үлестерін қосып, аяулы ұстаздарына жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Бұл челлендж – ұстаздар қауымына деген ыстық ықылас пен құрметтің айғағы. Оқушылар ұстаздарына арнап алғыс сөздерін айтып, жүрек жылуымен бөлісті. 🌟
Ұстаздарымыздың әр күні қуанышқа, мерейге толы болсын!
Сіздердің даналықтарыңыз бен еңбектеріңіз жас ұрпаққа әрдайым жол көрсетіп, шабыт беріп келеді. 🙏
Барша ұстаздарға алғысымыз шексіз!






