Бүгін, 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай мектебіміздің 9 “Д” сыныбында тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті.
Сынып жетекшісі Пожемите Рута оқушыларға қарттарды құрметтеу, үлкенге ізет көрсету жайлы тағылымды ойлар айтып, ата-әжелерге деген сыйластықтың маңызын түсіндірді.
Оқушылар өздерінің жүрекжарды ізгі тілектерін бейнежолдау арқылы жеткізіп, қарттарға деген алғыстарын білдірді.







