5 қыркүйек – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Тіл мерекесі болып белгіленген. Бұл – тіліміздің мерейін үстем етіп, оны құрметтеуге, таза сақтауға, болашақ ұрпаққа аман жеткізуге арналған мереке.
Бұл күн – мереке ғана емес, сонымен бірге қазақ тілін қастерлеу, Ахаң еңбегіне тағзым ету, ұлттың рухани байлығын дәріптеу күні.
Тіліміз жасай берсін, рухымыз асқақтай берсін!