✨ Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп - гимназиясында 11 сынып оқушысы, биылғы оқу жылының білімді, өнерлі де талантты түлегі Шәріпхан Мағжан домбыраның сырлы әуенін шарықтатып, Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа», халық күйі «Тепең көк», Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» сынды бірнеше күйлерін қатар орындап, Республикалық "Күй күмбірі" челленджіне өз үлесін қосты.
🎉 «Күй күмбірі» челленджі - бұл жай ғана акция емес, ұлттық музыканы дәріптейтін, домбыра өнерін насихаттайтын және ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын үлкен мәдени шара!