⚜️Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі– көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын және жаңа жылдың басталуын тойлайтын дәстүрлі мейрам. Ол ежелден түркі, парсы және Орта Азия халықтары арасында тойланып келеді. Қазақ халқы үшін Наурыз – "Ұлыстың ұлы күні", яғни жыл басы ретінде ерекше маңызға ие.
⚜️Наурыз мерекесінің мәні мен мағынасы:
✨Табиғаттың оянуы мен жаңа жылдың басталуы
✨Бейбітшілік пен ынтымақты нығайту
✨Ата-баба дәстүрін сақтау
✨Жақсылық пен мейірімділікті дәріптеу
⚜️Наурыз мерекесінің ерекшеліктері:
✨Бұл күндері ел ішінде реніштер кешіріліп, татулық орнайды.
✨Үлкендер жастарға бата беріп, болашаққа тілек айтады.
⚜️Наурыз – тек жаңа жылдың басталуы ғана емес, сонымен қатар халықтың рухани жаңғыруының, бірліктің және мейірімділіктің мерекесі.
⚜️Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай "Наурызнама" онкүндігі аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай киіз үй тігіліп, ауқымды мерекелік іс шара өтті. Алғашқы сөзді мектеп-гимназия басшысы Ибраев Бекзат Сағындықұлы бастап, барша ұстаздар қауымын, ата-аналарды және оқушыларды Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
⚜️Шара барысында дәстүрлі әндер орындалып, жыр шумақтары айтылды, мың бұралған биші қыздар би билеп, күмбірлеген күй шертілді, "Арқан тартыс", "Гір тасын көтеру", "Асық ату", "Бес асық", "Тоғызқұмалақ", "Қол күрес" сынды ұлттық спорттық ойындар ойнатылды, оқушылар қызығушылықпен бақ сынасып, жеңімпаздар анықталды, Наурызнама онкүндігі аясында белсенділік танытқан барлық оқушылар марапатталды.