🏵️Наурыз мерекесіне орай Нағи Ильясов атындағы 9 мектеп - гимназиясында барлық сыныптарда оқушыларға Наурыз мерекесінің тарихын, маңызын және тәрбиелік мәнін түсіндіру, қазақ халқының салт - дәстүрлерін дәріптеу, ұлттық рухты нығайту және оқушыларды бірлікке, достыққа тәрбиелеу, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған тәрбие сағаттары жоғары деңгейде өткізілді. Оқушылар қазақ халқының салт - дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары туралы мол мағлұмат алды. Іс - шара барысында балалар белсенділік танытып, өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік көңіл - күйге бөленді.






