*"Цифрлы әлемге кемел біліммен" апталығының жарқын бастамасы*

Апталықтың алғашқы күні ерекше белсенділікпен өтті! Іс - шара жоспары аясында ұйымдастырылған *"Көңілді үзіліс"* оқушылар үшін есте қаларлықтай сәттер сыйлады.

Әр қоңырау сайын оқушылар *интеллектуалды және зияткерлік ойындарға* қатысып, уақытты пайдалы әрі қызықты өткізді.

Апталықтың ерекше естеліктерін сақтау мақсатында оқушылар үшін *"Фотобудка" қызметі* де ұсынылды. Олар өз достарымен бірге суретке түсіп, керемет эмоцияларға бөленді.
Бұл шара тек көңіл көтеріп қана қоймай, оқушылар арасындағы *достық пен бірлікті нығайтып*, мектеп өміріне ерекше жылулық сыйлады.

*Цифрлы әлемнің жарқын болашағы біліммен басталады!* Осы апталық аясындағы белсенді шаралар - оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған. Алда бұдан да қызықты іс - шаралар күтіп тұр!
Біздің апталықпен бірге болыңыз және жарқын естеліктердің куәсі болыңыз!