"Цифрлы әлемге кемел біліммен" апталығының ашылуы
27 қаңтарда математика, информатика және физика пән бірлестіктерінің ұйымдастыруымен "Цифрлы әлемге кемел біліммен" апталығы салтанатты түрде ашылды. Апталықтың бастамасына мектеп - гимназия директоры Бекзат Сағындықұлы сәттілік тілеп, алғашқы қадамды жасап берді.
Апталықтың бағдарламасы мазмұнды әрі қызықты іс - шараларға толы:
*27 қаңтар* - "Көңілді үзіліс" шарасы: оқушылар қоңырау уақытын тиімді өткізіп, түрлі белсенді ойындар ойнады.
*28 қаңтар* - сыныптан тыс іс - шаралар күні:
-
- "IQ Battle: Зияткерлік үштік" сайысы
- "Robo Battle" роботтар жарысы
- "Ақылдың кілті - математика" интеллектуалды ойыны
- "Математический бокс" математикалық жарысы
*29 қаңтар* - ашық сабақтар күні:
- 8 "В" сыныбында физика пәнінен "Электрическое сопротивление проводника, удельное сопротивление, реостат" тақырыбында сабақ;
- 7 "А" сыныбында математикадан "Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадратының формулалары" тақырыбында сабақ;
- 7 "Е" сыныбында "Решение задач с применением формул квадрата суммы и разности двух выражений" тақырыбында сабақ;
- 6 "А" сыныбында информатикадан "Мәліметтер типтері" тақырыбында сабақ
*30 қаңтар* - ерекше мазмұнды күн:
- "Білім берудегі цифрлық технологиялар мен АІ мүмкіндіктер" атты семинар;
- 10 - 11 сынып оқушылары үшін "STEM саласындағы болашағыңыз" тақырыбында мамандық таңдау кездесу
*31 қаңтар* - апталықтың жабылуы:
Апталықтың алғашқы күнінде оқушылардың математика, информатика және физика бойынша білімдерін көрсететін викториналар, әсерлі әндер мен би қойылымдары ұйымдастырылды.
Бұл апталық оқушыларды ғылымға қызықтырып, олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін арттыруға үлкен үлес қосты. Осындай мазмұнды шаралар әрқашан рухани және білімді ұрпақ қалыптастыруға үлес қосады!
Білім, ғылым және шығармашылықтың тоғысқан апталығы бәріміз үшін жарқын естелікке айналды.






