"Цифрлы әлемге - кемел біліммен" апталығының басталуы
Бүгін біздің мектепте математика, информатика және физика бірлестігінің апталығы салтанатты түрде басталды! Таңертеңнен - ақ оқушылар мен мұғалімдерді есік алдында бірлестіктің белсенді ұстаздары күлімсіреп қарсы алып, көңілді "миға шабуыл" ұйымдастырды. Бұл ерекше сәт баршаға шабыт сыйлап, апталықтың басталуына ерекше ықылас пен қызығушылық оятты.
Апталықтың негізгі мақсаты - оқушыларды цифрлы әлемге қызықтыру, заманауи технологиялар мен терең білімге жол ашу. "Цифрлы әлемге - кемел біліммен" тақырыбы осы заман талабына сай білім мен дағдыларды игерудің маңыздылығын көрсетеді.
Күн сайын қызықты іс - шаралар, танымдық сабақтар мен ойындар жоспарланған. Баршаңызды апталық аясындағы шараларға белсенді қатысуға шақырамыз!
Біліммен жаңашылдыққа бірге қадам басайық!






