Нағи Ильясов атындағы №9 мектеп - гимназиясында 22 қаңтар күні жас мамандардың қатысуымен "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!" тақырыбында дебат пікірсайысы өтті. Пікірсайыстың мақсаты сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, жастар арасында көшбасшылық қасиеттер мен патриоттық сезімді дамыту. Пікірсайыс барысында қазылар алқасы қатысушыларға ережелерде қарастырылмаған, бірақ тақырыпты тереңірек ашуға және командаларды объективті бағалауға мүмкіндік беретін қосымша сұрақтар қойды. Қатысушылар қызықты дәлелдер келтіріп, тақырыпты ашып, жақсы дайындықтарын көрсете білді.






