"Үздіктен үйрен" жобасы аясында мектеп - гимназиямыздың білікті мамандары өздерінің жинақтаған тәжірибесі мен ғылыми ізденістерін ортаға салып, жас ұрпаққа үлгі көрсетуде. Осы жобаның маңызды бір бөлігі - туған тіліміздің құндылығын дәріптеп, оның мәңгілік құндылық екенін ұрпақ санасына сіңіру.

Ағылшын тілі мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Жұмаділда Гүлжазира қазақ тілі мен ұлттық рухты насихаттау мақсатында "Тілім барда тірімін" атты мазмұнды бейнеролик дайындап, баршамызды терең ойға жетелейді. Бұл роликте тілдің ұлт тірегі ретіндегі маңызы, оның рухани және мәдени байлықтың қайнар көзі екені баяндалады.
Гүлжазира Жұмаділданың еңбегі туған тілімізге деген сүйіспеншілікті арттырып, көпшілікті рухани жаңғыруға шақырады.

Осы бейнежазбаны "Үздіктен үйрен" жобасы аясында әлеуметтік желіге бөлісіп, әрбір көрерменге жеткізу - біз үшін үлкен мәртебе. Ұлт болашағын ойлайтын әр азаматтың жүрегіне жол табатын бұл еңбек сіздерге де ой салып, шабыт беретіні сөзсіз.
Бейнероликпен танысып, пікір қалдырыңыз. Ұлт болашағы - тілдің мәңгілігінде!