Н. Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының көркем еңбек және кәсіпкерлік негіздері пәні мұғалімі, педагог-шебер Шайхсламова Сауле Құрманбековна мектепішілік "Үздіктен үйрен" жобасы аясында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Оның "Мектеп компаниясын тиімді ұйымдастыру жолдары" тақырыбындағы бейнематериалы оқушылардың кәсіпкерлік қабілеттерін дамыту және мектептегі кәсіпкерлік бағыттағы жобаларды жетілдіруге арналған тиімді әдіс-тәсілдерді ұсынды. Сауле Құрманбекқызы өз тәжірибесінде оқушылардың бизнес-жобаларын ұйымдастыру, қаржылық сауаттылықты арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамытудың нақты мысалдарын келтірді.
Бұл бейнежазба педагогтар мен оқушыларға мектеп деңгейінде кәсіпкерлік бағыттағы жұмыстарды жетілдіруге арналған құнды ақпарат көзі болып табылады. Шайхсламова Сауле Құрманбекқызының кәсіби шеберлігі мен тәжірибесі мектеп ұжымы мен оқушылар үшін үлгі болары сөзсіз.






