Құттықтаймыз!

Н. Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушылары Лигай Карина мен Алмат Альфинур "Зерде" республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының облыстық кезеңінде жүлделі ІІ орын иеленді!

Мектеп-гимназия директоры Бекзат Сағындықұлы жас зерттеушілерімізді жеңісімен шын жүректен құттықтап, толағай табыстар тіледі. Ол білім жолында талапты жастарды үнемі қолдайтынын атап өтіп, олардың болашағына зор сенім артатынын жеткізді.

Сондай-ақ, оқушылардың осындай биік белестерді бағындыруына үлес қосқан жетекшісі Шайхсламова Сауле Құрманбекқызына ерекше алғысын білдіріп, жас ұрпақты ғылыми ізденіске баулу – үлкен еңбектің жемісі екенін атап өтті.

Құрметті Карина мен Альфинур, сіздерге алдағы уақытта да тек сәттілік, жаңа жеңістер мен тың жетістіктер тілейміз! Біздің мектеп сіздермен мақтанады!

#ҒылымҒаламшары #ЖасЗерттеушілер #Мақтаныш