Бүгін №9 мектеп-гимназияда педагогтеріміздің кәсіби шеберлігін арттыру, ғылыми әлеуетін дамыту және білім сапасын жаңа деңгейге көтеру мақсатында ерекше сабақ өткізілді.

"Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі" Эльмира Жаналыққызы Садыкова "Sporting Legends" тақырыбында мазмұнды және өмірмен тығыз байланысты сабақ ұсынды.

Сабақтың басты ерекшелігі – оқушыларға ерекше мотивация сыйлаған қонақ. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жеңістерімен танымал Пожемите Рута Иозапас сабаққа қатысып, өзінің жетістікке жету жолындағы құнды тәжірибесімен бөлісті. Оның әсерлі әңгімелері оқушыларды шабыттандырып, олардың үлкен мақсаттарға қол жеткізуге деген сенімін нығайтты.

Эльмира Жаналыққызының сабақ беру тәсілі заманауи әдістермен толықтырылған, мазмұны терең және тәжірибеге негізделген ерекше үлгіде өтті. Оқушылар тек тілді меңгеріп қана қоймай, спорт пен жетістік тақырыбында ой өрбітіп, өз болашағына жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік алды.
Осындай маңызды шаралар педагогтеріміздің кәсіби деңгейін арттырып қана қоймай, оқушыларымыздың да жан-жақты дамуына зор үлес қосады. Білім берудегі осындай жаңашылдықтар мен құнды тәжірибелерімізді жалғастыра берейік!

#9mektep
#bilimkzo